Ұстаздық өнеге

Шеберлік мектебі және ұлттық өнер педагогикасы

«Ұстаздың басты мұраты — шәкірттің жүрегіндегі тума талантты оятып, оған өзіндік көркемдік қолтаңба табуға бағыт-бағдар беру».

Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов қырық жылға жуық уақыт бойы жоғары оқу орындарында үздіксіз ұстаздық етіп, Қазақстанның көркемөнер білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болып бастап, 1987 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры (2019–2022 жж.) қызметтеріне дейінгі өнегелі жолдан өтті. 2024 жылдан бастап Халықаралық білім беру корпорациясы (МОК) Дизайн факультетінің қауымдастырылған профессоры.

2009 жылы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, 2018 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен, 2021 жылы «Дарынды ұстаз» медалімен марапатталған. 050107 — «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша мемлекеттік типтік оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының авторы. 2021 жылы негізін қалаған «Tokkozha Art Studio» өнер студиясында жас таланттарды кәсіби бейнелеу өнеріне баулып келеді.

Педагогикалық ұстанымдар мен мектеп бағыттары

Академиялық дәстүр мен еркін ізденіс

Классикалық кескіндеме, композиция мен графика негіздерін терең меңгерте отырып, әр білімгердің авторлық көзқарасы мен живописьтік көру қабілетін дамыту.

Оқу-әдістемелік базаны жаңғырту

Жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған «Кескіндеме», «Натюрморт», «Композиция» оқу құралдары мен 050107 мамандығының типтік бағдарламаларын әзірлеу.

Ұлттық дүниетаным мен тәлімгерлік

Болашақ суретші-педагогтардың бойына ұлттық колоритті, дала философиясы мен сәндік-қолданбалы өнер дәстүрін сіңіру, «Tokkozha Art Studio» арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғау.

Академиялық және басқарушылық қызмет кезеңдері

1984 – 1987
Оқытушы
Жамбыл педагогикалық институты, көркемсурет-графика факультеті (Тараз)
1987 – 1996
Оқытушы, деканның тәрбие (1991–1994) және оқу ісі (1994–1996) жөніндегі орынбасары
Абай атындағы ҚазПИ / АлМУ, көркемсурет-графика факультеті
1996 – 2018
Кафедра меңгерушісінің орынбасары (1996–2008), «Академиялық живопись» (2008–2010), «Живопись» (2010–2014) және «Шығармашылық мамандықтар» (2014–2018) кафедраларының меңгерушісі
Абай атындағы ҚазҰПУ
2019 – 2022
Институт директоры және «Хабаршы — Вестник» журналының бас редакторы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты
2021 – қ.у.
Негізін қалаушы және жетекші
«Tokkozha Art Studio» өнер студиясы және «Tokkozha Art Market»
2024 – қ.у.
Қауымдастырылған профессор
Халықаралық білім беру корпорациясы (МОК), Дизайн факультеті
Шебердің туындыларын көру → Ғылыми еңбектер тізімі