Өмірбаяндық очерк

Ұлттық болмыс пен сырлы бояу кеңістігі

Тоққожа Қожағұлов
Төлтұлғат (Автопортрет) Қағаз, көмір
«Өнер — халықтың жан дүниесінің үнсіз қозғалысы. Әрбір түс пен сызықта ұлттың рухы мен танымы жатыр».

Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов (1962 ж. 1 қаңтарда Алматы облысы, бұрынғы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданының Қаратоған ауылында дүниеге келген) — қазіргі заманғы қазақ кескіндемесінде өзіндік философиялық мектеп қалыптастырған тұлға, «Тобаизм» көркемдік бағытының негізін салушы.

1984 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетін үздіктер қатарында тәмамдағаннан бері шығармашылық ізденіс пен ғылыми-педагогикалық қызметті ұштастырып келеді. Оның қылқаламынан туған Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Тәттімбет, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Сағат Әшімбаев сынды алыптардың «тұлғаттық» портреттер сериясы ұлттық көркемдік ойдың биік белесіне айналды.

«Тобаизм» философиясы және туындылар географиясы

Түркі халықтарының көне танымында ерекше тұлғалардың желеп-жебеуші киесі (Бекет атаның арқары, Райымбек батырдың түйесі, Қарасай батыр мен Жамбылдың жолбарысы, Кемпірбай ақынның көк-ала үйрегі) мен иесі болатыны айтылады. Суретші бұл киелі желіні Жаратушыға (көне түркіше ТО-БА — «Жаратушы-Ие») тағзым ету философиясымен ұштастырып, «Жырдың қызыл жолбарысы — Жамбыл», «Ер-Қарасай», «Жырдың қара жорғасы — Үмбетәлі», «Мен» полотналары арқылы бейнелеу өнеріне «Тобаизм» бағытын алып келді. Шебердің туындылары Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мұражайларында, сондай-ақ АҚШ, Түркия, Германия, Жапония, Ресей, Балтық жағалауы елдері мен Қазақстанның жеке коллекцияларында сақтаулы.

Туған күні мен жері
01.01.1962 ж., Қаратоған а., Райымбек ауд., Алматы обл.
Ғылыми дәрежесі мен атағы
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2007), Профессор (2004)
Академиялық мәртебесі
ҚР Көркем академиясының мүше-корреспонденті (2008), ҚПҒА академигі (2023)
Құрметті атағы
«Дарын» сыйлығының лауреаты (1998)
Мемлекеттік марапаттар мен академиялық атақтар 01 / Реестр (19)
1983
Абай атындағы ҚазПИ Құрмет грамотасы
Академиялық марапат
1996
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық
Лауреат
1998
Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы
Лауреат
2004
Профессор ғылыми атағы (АП № 002)
Абай атындағы ҚазҰПУ / ҚР БҒМ
2007
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі
Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті
2008
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық
Лауреат
2008
ҚР Көркемсурет академиясының мүше-корреспонденті (№ 0168)
Академиялық мәртебе
2009
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
Ведомстволық марапат
2009
«Үздік ұстаз» төсбелгісі
Абай атындағы ҚазҰПУ
2016
«Айырықша еңбегі үшін» төсбелгісі
Абай атындағы ҚазҰПУ
2017
«Мұқағали Мақатаев» төсбелгісі
Қоғамдық-мәдени марапат
2017
«Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы (№ 15-88, куәлік № 103)
Құрметті атақ
2017
Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі
«Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы
2017
Үмбетәлі Кәрібаев атындағы халықаралық сыйлық
Лауреат
2017
«Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» медалі және ҚР Суретшілер одағының 2 мәрте Құрмет грамотасы
ҚР Суретшілер одағы
2018
«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
ҚР БҒМ
2019
«Таранды великого эля» дипломы (2017) және алтын медалі (2019)
ҚР Көркем академиясы
2021–2023
«Дарынды ұстаз» медалі (2021), Абай ат. ҚазҰПУ «Құрметті қызметкер» төсбелгісі (2021), «Керей хан» ордені (2022), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (2023, ТМ № 0262)
Жоғары академиялық және қоғамдық марапаттар
Өмір, білім және шығармашылық белестері 02 / Шежіре
1962 – 1979

Балалық шақ және мектеп жылдары

1962 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданы, Қаратоған ауылында дүниеге келді. 1969–1977 жж. Қаратоған ауылындағы Н. Өмірзақов атындағы 8 жылдық мектепте, 1977–1978 жж. Нарынқол орта мектебінде оқып, 1979 жылы қайта құрылған Н. Өмірзақов атындағы орта мектептің алғашқы түлектерінің бірі болып бітірді.

1979 – 1984

Академиялық білім

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетіне түсіп, оны 1984 жылы үздіктер қатарында тәмамдады.

1984 – 1987

Ұстаздық бастауы және әскери борыш

Жамбыл (қазіргі Тараз) педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде оқытушы болып еңбек жолын бастады. 1984 жылғы қарашадан 1986 жылғы маусымға дейін Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді (әскери атағы — аға лейтенант).

1987 – 1996

Абай атындағы ҚазҰПУ және кәсіби одақтар

1987 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ге оралып, 1991–1994 жж. көркемсурет-графика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі, 1994–1996 жж. оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1989 ж. КСРО жас суретшілер бірлестігіне (№ 12044), 1995 ж. ҚР Суретшілер одағына (№ 243) қабылданды.

1996 – 2018

Кафедра жетекшілігі және ғылыми диссертация

1996–2008 жж. «Академиялық живопись» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, 2008–2010 жж. кафедра меңгерушісі, 2010–2014 жж. «Живопись» кафедрасының, 2014–2018 жж. «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі болды. 2007 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде 13.00.02 мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2006 жылдан республикалық «Мұқағали» журналының алқа мүшесі.

2017 – 2022

«Үнсіз музыка» және Институт директорлығы

2017 жылы ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Үнсіз музыка» атты ауқымды жеке ретроспективалық көрмесін өткізді. 2018–2022 жж. ҚР Суретшілер одағы басқармасы мен секретариатының мүшесі. 2019–2022 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры және «Хабаршы — Вестник» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

2021 – қ.у.

Авторлық өнер студиясы, Академия және МОК

2021 жылы «Tokkozha Art Studio» өнер студиясы мен «Tokkozha Art Market» жобасының негізін қалады. 2022 жылы 60 жылдық мерейтойына орай «Уақытпен сырласу» және «Көктем лебі» көрмелерін ұйымдастырды. 2023 жылы Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. 2024 жылдан Халықаралық білім беру корпорациясы (МОК) Дизайн факультетінің қауымдастырылған профессоры.

Тоққожа Қожағұлов

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚПҒА академигі Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұловтың өмірбаяны, «Тобаизм» философиясы және марапаттары.